Еліміздің батыс, солтүстік және шығысында құбылмалы ауа райы сақталады

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, түнде және таңертең жел соғады, күші 15-20 м/с.
Атырау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ болады. Түнде жел соғады, күші 15-20 м/с.
Қызылорда облысында, күндіз Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы, Қостанай, Павлодар облыстарында, түнде және таңертең Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Ақмола облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.