Еліміздің басым аймағында сулы қар жауады

Республиканың солтүстік жартысы мен батысы Оңтүстік Орал және Батыс Сібір арқылы көшкен циклонға байланысты атмосфералық фронттардың аймағында тұр. Мұнда сулы қар түріндегі жауын-шашын жауады, кей жерлерде тұман, тайғақ және көпжылдық орташа мәнге жақын ауа температурасы күтіледі.