Алдағы тәулікте тұрақсыз ауа райы сақталады

Алдағы тәулікте тұрақсыз ауа райы сақталады
  • 2028
  • 11.11.2016, 05:51

Арктикалық салқын фронттармен мұнда қар жауу, бұрқасын, күшті солтүстік-батыстық жел, ауа температурасының төмендеуі осы кезең үшін қалыптағыдан төмен 4-7ºС дейін күтіледі. 

Республиканың батыс облыстарына Ресейдің Еуропалық бөлігінің орталық аудандарынан жылы және ылғалды ауа ағыны келеді. Мұнда жаңбыр, сулы қар және тұман күтіледі, температура 3-5ºС нормадан жоғары. 

Оңтүстікте таяудағы тәулікте жауын-шашынсыз, сосын жекелеген аудандарда жауын-шашын, түнде тұман түсуі мүмкін.