Еліміздің кей жерлерінде қар жауып, бұрқасын болуы мүмкін

Оңтүстік аймақтарда жауын-шашын болады. Тек республиканың солтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болады, жел 15-22 м/с күшейеді.
Алматы облысының кей жерлерінде жел 17-22 м/с күшейеді, тұман болады. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20м/с күшейеді.
Ақтөбе, түнде Павлодар облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, түнде бұрқасын, жел 15-20 м/с күшейеді.
Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз тұман, көктайғақ болады. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ, жел 15-20 м /с күшейеді. Ақмола, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.