Республиканың оңтүстік аудандарында тұрақсыз ауа райы сақталады

Облыстардың басым бөлігінде тұман күтіледі. Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді. Атырау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.
Ақмола, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Қарағанды облысының түнде кей жерлерінде қатты аяз күтіледі.
Дереккөз: emer.gov.kz