Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді. Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы облысының Жалаңашкөл аумақтарында жел 18-23 м/с күшейеді. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с күшейеді.
Павлодар облысының кей жерлерінде тұман, жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысында жел 15-20 м/с жаяу бұрқасынмен күтіледі.
Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде, тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.