Қазақстан аймақтарының басым бөлігінде жауын-шашын болады

Қазақстан аймақтарының басым бөлігінде жауын-шашын болады
  • 1993
  • 19.12.2016, 05:11

Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді. Ақмола, Қарағанды, күндіз Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ  күтіледі. Түнде кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерлерінде тұман, көктайғақ, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. 

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Атырау облысында күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с болады. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.