Республиканың басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман болып, түнде желдің күші 15-20, күндіз басым бөлігінде 15-20, кей жерлерде екпіні 23 м/с күшейеді.
Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Атырау облысының кей жерлерінде көктайғақ байқалады.
Алматы облысының Жаланашкөл ауданында желдің күші 18-23 м/с күшейеді. Түнде кей жерлерінде тұман болады.
Маңғыстау, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Павлодар облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын байқалады.
Қызылорда, Қарағаңды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.