Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады
  • 1364
  • 11.01.2017, 06:04

Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді. Ақмола, Қостанай облыстарының облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман күтіледі, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. 

Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күшейеді. Қызылорда облысында, Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Атырау облысында, түнде Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Павлодар облысының кей жерлерінде күндіз жел жаяу бұрқасынмен 15-20 м/с күшейеді. 

Қарағанды облысының кей жерлерінде түнде тұман болып, күндіз бұрқасын, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының Жаланашкөл ауданында жел 18-28 м/с күшейеді, түнде кей жерлерінде тұман болады. 

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Манғыстау облысының кей жерлерінде тұман, күндіз көктайғақ болып, жел 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с, оңтүстік-батыс облысында кей уақытта 30 м/с күшейеді.