Еліміздің кей жерлерінде тұман болып, жел күшейіп, бұрқасын күтіледі

Кей жерлерде тұман болып, жел күшейіп, оңтүстік-шығыстың кей жерлерінде бұрқасын күтіледі.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарында тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола, Маңғыстау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Астана қ: Аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Шығыс бағытынан соққан жел 2-7 м/с күшейеді. Ауаның температурасы түнде -21-23°С, күндіз -11-13°С болады.
Алматы қ: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Тұнде тұман болады. Желдің күші 0-5 м/с. Ауаның температурасы түнде -8-10°С, күндіз -1-3°С болады.