Ақмола облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, бұрқасын болады.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерінде тұман күтіліп, күндіз бұрқасын болады.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, тұман бақыланады, күндіз бұрқасын болады.
Алматы облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с күшейіп, екпіні 28 м/с болады.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман бақыланып, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Қызылорда облысында көктайғақ болады. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз жел бұрқасынмен болады.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын бақыланып, күндіз кей жерлерінде желдің күші 18 м/с болады.
Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман бақыланып, жел 15-20 м/с күшейеді, таңертең және күндіз желдің екпіні 25 м/с болады. Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұрқасын, тұман болады.