Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады
  • 1602
  • 06.02.2017, 06:01

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Қарағанды, түнде Алматы облыстарында тұман күтіледі. Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, күндіз Ақмола облыстарының кей жерлерінде  жел 15-22 м/с күшейеді, бұрқасын болады. 

Атырау облысында бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, түнде жел 15-20 күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұрқасын, тұман болады. Шығыс Қазақстан облысында тұман күтіледі, түнде жел 15-20 күшейеді.