Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады
  • 1481
  • 16.02.2017, 06:04

Кей жерлерде тұман, көктайғақ болып, бұрқасынмен желдің күшеюі сақталады. Ақмола, Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. 

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, жаяу бұрқасынмен жел 15-20 м/с күшейеді.

Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Павлодар облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының кей жерлерінде тұман болады. 

Шығыс Қазақстан облынының кей жерлерінде тұман, күндіз бұрқасынмен жел 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман болып, күндіз бұрқасынмен жел 15-20 м/с күшейеді.