Демалыс күндері оңтүстік және оңтүстік-шығыста қар жауады деп күтілуде
Соның әсерінен аз бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы орнығады, бірақ түнгі және таңертеңгі уақыттарда көрінуі 200-500 м тұман болуы мүмкін. Ауа температурасы климаттық нормадан 4-7ºС жоғары болады деп күтіледі.
Еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығысы алдағы үш тәулікте бұрыңғысынша, биіктік циклондарының ықпалында болады. Осында көбінесе аздаған қар, тұман, көк тайғақ, ауа температурасы нормаға жуық және нормадан 1-3ºС төмен болады деп күтілуде.