Қазақстан аймақтарының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

Қазақстан аймақтарының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады
  • 1641
  • 09.03.2017, 06:01

Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Алматы облысының кей жерлерінде түнде тұман күтіледі, Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с, күндіз  желдің екпіні 28 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.

Павлодар облысының кей жерлерінде көктайғақ болады, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде көктайғақ, түнде және таңертең тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді.