Еліміздің бірқатар облысында күн суытады

Сондықтан көптеген облыста синоптиктер ауа райы жауын-шашынсыз, салқын және түнде, таңертеңгі уақыттарда тұман болады деп болжауда.
Температураның төмендеуі Сібір ауа массаларының келуіне байланысты, сондықтан температура да көпжылдық орташа мәндерден 2-6ºС төмен болады деп күтілуде.
Тек республикамыздың батысында температура нормаға жуық болады.
Алдағы үш күнде астанамызда жауын-шашынсыз. Жел 5-10 м/с болады. Ауаның температурасы түнде -14-18°С, күндіз -5-8°С. 16 наурызда түнде және таңертең тұман болады.
Жақын күндері Алматыда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде тұман болады. Желдің күші 0-5 м/с. Ауаның температурасы түнде -2-4°С аяз, күндіз +3+6°С жылы болады.