Республиканың басым бөлігінде жауын-шашын болады

Кей жерлерде тұман, көктайғақ және желдің күшеюі сақталады, республиканың солтүстік, батыс аймақтарында бұрқасын, оңтүстік, оңтүстік-батысында шаңды дауыл, оңтүстік-батыс,оңтүстік аймақтарында найзағай күтіледі.
Атырау, Маңғыстау облыстарында жел 17-22 м/с күшейеді, Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл болады.
Ақтөбе облысында жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын болып, жел 17-22 м/с күшеюі күтіледі. Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Қарағанды, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді, Қарағанды облысында желдің екпіні 23, Ақмола облысында 25 м/с күшейеді.
Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл облысында тұман, күндіз найзағай болып, жел 15-20 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман болады. Күндіз Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі.
Астана қ: көшпелі бұлтты, кей уақытта жауын-шашын болады, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с. Ауаның температурасы түнде -1+1°С, +3+5°С.
Алматы қ: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің күші 0-5 м/с. Ауаның температурасы түнде +6+8°С, күндіз +19+21°С жылы болады.