Республиканың басым бөлігінде жауын-шашын және қатты екпінді жел күтіледі

Тек республиканың оңтүстік, оңтүстік-батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, солтүстік, солтүстік-батыста жаяу бұрқасын, оңтүстікте шаңды дауыл сақталады.
Жамбыл облысында кей жерлерде тұман, жел 15-20, күндіз 23-28 м/с күшейеді. Оңтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай, желдің күшеюі 15-20, таңертең және күндіз 23-28 м/с болады.
Ақмола, Қарағанды облыстарында кей жерлерде желдің күшеюі 15-20 м/с, тұман, көктайғақ болады. Павлодар облысында желдің күшеюі 17-22 м/с, кей жерлерде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады.
Шығыс Қазақстан облысында желдің күшеюі 15-20, күндіз екпіні 25 м/с, түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі. Қызылорда облысында кей жерлерде шаңды дауыл, желдің күшеюі 15-20 м/с болады. Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарның кей жерлерінде тұман, жел 15-23 м/с күшейеді, бұрқасын болады.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында кей жерлерде тұман күтіледі, Алматы облысының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.