Кей жерлерде екпінді жел, тұман сақталады солтүстік-батыста және оңтүстікте көктайғақ, бұрқасын болады.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ, түнде және таңертең тұман түсіп, жел секундына 15-20 м жылдамдықпен соғады.
Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, түнде екпінді жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.
Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында таңертең және күндіз Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының жекелеген аудандарында секундына 15-20 м жылдамдықпен жел тұруы ықтимал.
Ақмола облысының кей жерлерінде көктайғақ болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда, түнде Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с болады. Алматы, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман күтіліп, Ақтөбе облысының жекелеген аудандарында көктайғақ болады.