Еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұманды болады

Еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұманды болады
  • 2389
  • 07.04.2017, 06:00

Кей жерлерде  жел күшейіп, тұман түседі. Ал солтүстікте және шығыста көктайғақ, бұрқасын сақталады.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде көктайғақ, тұман, секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасынның күшеюі күтіледі.

Қостанай, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Түнде Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі.  

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде 15-20 метр жылдамдықпен жел соғып, түнде жекелеген аудандарында тұман күтіледі.

Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, түнде Жамбыл облысының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.