Еліміздің басым бөлігінде жел күшейеді

Оңтүстікте және орталықта жаңбыр жауып өтеді. Кей жерлерде тұман болып, республиканың оңтүстігінде және орталығында желдің күшеюі күтіледі, найзағай байқалады.
Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с күшейеді, күндіз найзағай жарқырайды. Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с күтіледі. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай болып, желдің күші 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды облысында күндіз кей жерлерінде найзағай байқалады, жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертен кей жерлерде тұман болады. Күндіз Ақмола, Алматы облыстарында желдің күші кей жерлерінде 15-20 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, түнде жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде кей жерлерінде тұман байқалады.