Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында жел 15-20 м/с, кей жерлерінде 25 м/с, екпіні 30 м/с күшейеді, Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман бақыланады. Қостанай облысында түнде кей жерлерінде жел 15-20 м/с болады, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с, екпіні 23 м/с күшейеді, кей жерлерінде тұман бақыланады.
Қарағанды облысында жел 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күшейеді, жекелеген аудандарда тұман күтіледі. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, жел 15-20 м/с, екпіні 23 м/с күшейеді. Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі, таңертең және күндіз Жамбыл, түнде Қызылорда, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Алматы облысының кей жерлерінде жел 18-23 м/с шаңды дауылмен күшейеді, күндіз найзағай күтіледі. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман бақыланады.