Еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұманды болады

Кей жерлерде жаңбыр жауып, тұман түсіп, жел күшейеді.
Тек батыс және солтүстік-шығыс аймақтарында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман бақыланып, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, күндіз Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл облысында желдің екпіні 23 м/с дейін күшейеді.
Қостанай облысының күндіз кей жерлерінде тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде Қарағанды облысының кей жерінде тұман күтіледі, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.