Еліміздің басым бөлігінде жел соғады

Күн ашық болғанымен, жел күшейіп, кейбір аймақтарда шаң көтеріледі.
Республиканың батысында және шығыс-батысында ауа ағынының әсерінен кей жерлерде жаңбыр жауады.
Ақмола, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, ал күндіз Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар облыстарында жел күшейіп, 15-20 м/с жел соғады. Ал Оңтүстік Қазақстан облысында оның жылдамдығы 25 м/с дейін жетеді.
Шығыс Қазақстан облысында тұман түседі. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.