Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады

Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады
  • 3728
  • 26.04.2017, 06:00

Найзағай жарқырап, тұман түседі. Екпінді жел соғады. Қиыр солтүстікте бұршақ жаууы мүмкін. 

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында шаңды дауыл тұрып, желдің күші 15-20 м/с болады деп күтіледі. Күндіз Оңтүстік Қазақстан облысында желдің екпіні 23 м/с болса, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. 

Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с дейін күшейеді. 

Күндіз Ақмола, Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында жел екпіні 15-20 м/с дейін күшеюі мүмкін.

Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында өте жоғары өрт қаупі бар, деп хабарлайды «Қазгидромет».