Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі

Тек батыс өңірлерде жауын-шашын болмайды. Кей облыстарда тұман түсіп, желдің екпіні күшейеді, найзағай ойнауы мүмкін. Ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста бұршақ жаууы ықтимал.
Алматы облысында желдің екпіні 18-23 м/с-ге жетсе, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында желдің күші 15-20 м/с-ге жетеді. Бұршақ жаууы да ықтимал. СҚО-да тұман болады деп күтілуде.
Ақпарат көзі: kazhydromet.kz