Республиканың басым бөлігінде күн ашық болады

Республиканың басым бөлігінде күн ашық болады
  • 2908
  • 02.05.2017, 06:00

Республиканың кей жерлерінде тұман күтіледі, шаңды дауылмен қатар жел күшейеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде жел екпіні 23-28 м/с күшейіп, тұман түседі.

Алматы облысының кей жерлерінде түнде тұман күтіліп, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында, түнде және таңертен Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде шаңды дауылмен желдің күші 15-20 м/с  болады. Күндіз Батыс Қазақстан облысының, түнде Павлодар облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.