Еліміздің барлық аймағында тұрақсыз ауа райы сақталады

Кей жерлерде найзағайлы жаңбыр жауады, жел күшейеді, оңтүстік шығыста бұршақ болуы ықтимал. Республикамыздың тек батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында күндіз найзағай ойнайды. Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, найзағай жарқырайды.
Алматы облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, бұршақ жауады, жел 17-22 м/с күшейеді. Павлодар, күндіз Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола облысының кей жерлерінде мамырдың 6-нан жетісіне қараған таңда ауа температурасы 2 градуска дейін төмендеп, үсік шалады.