Еліміздің басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады

9 мамыр солтүстік және оңтүстік-шығыста жауын-шашынның түсуі тоқтайды. Алайда 10 мамырда кезекті циклонның әсерінен, бұл өңірлерде қайтадан жаңбыр жауып, найзағай жарқырайды.
Кезең бойы Қазақстанның батыс мен солтүстік-батыс облыстары атмосфералық фронтардың әсерінде болғандықтан, бұл аймақтарда күн райы бұлтты, жауын-шашынды болуы мүмкін.
Ақпарат көзі: «Қазгидромет»