Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

Қызылорда облысының кей жерлерінде жел шаңды дауылмен 15-20 м/с күшейеді, найзағай болады. Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұршақ күтіледі, желдің күші 15-20 м/с болады. Алматы, Павлодар, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл облысында желдің екпіні 23 м/с болады. Маңғыстау, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі, түнде және таңертең тұман болады.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерінде тұман болады. Түнде Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде 0-5 градус үсік болады. Күндіз Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.