Еліміздің кейбір аймақтарында күн ашық болады

Осыған байланысты жауын-шашынның тоқталуы күтіледі, тек республиканың солтүстік-батыс, солтүстік және шығыс аймақтарда фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады.
Ақмола облысында түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді, екпіні 25 м/с болып, түнде және таңертең тұман бақыланады.
Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20, кей жерлерінде екпіні 23-28 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Павлодар, түнде Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде Ақмола,Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде -3 градус үсік күтіледі.