Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с, жекелеген аудандарда шаңды дауыл болады.
Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман болады. Қостанай облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с жетеді, күндіз бұршақ жаууы мүмкін, түнде және таңертең тұман болады. Алматы, Қызылорда облыстарында күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с, жекелеген аудандарда бұршақ жаууы мүмкін. Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Қызылорда, Оңтүстік-Қазақстан, кей жерлерде Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.