Алдағы күндері республиканың бірқатар аймағында аптап ыстық болады

Қарағанды облысының кей жерлерінде 25-29 шілдеде күндіз 40-42 градус өте қатты ыстық күтіледі.
Күндіз 25-29 шілдеде Кызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде сынап бағанасы 45 градусқа дейін көтеріледі.
26-30 шілдеде Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде күндіз ауа температурасы 40-43 градусқа жоғарылап, өңірде аптап ыстық күтіледі.
Бұл туралы Қазгидромет хабарлайды.