Елімізде ауа райы құбылмалы болады

Оңтүстік Қазақстан мен Шығыс Қазақстанның кей жерлерінде жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін. Желдің екпіні күшейеді деген де болжам бар.
Айдана Әбіқан, инженер-синоптик:
- Астана қаласы бойынша алдағы үш күнде ауа райы жауын-шашынсыз. Түнгі ауа температурасы – +11, +13, күндіз +23, +25 градус жылы болады. Алматы қаласы бойынша жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнде – +16, +18, ал күндіз +27, +29 градус жылы.