Республиканың басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы сақталады

Республиканың оңтүстік-батысында, солтүстік, солтүстік-шығыс, орталық, сондай-ақ шығысында түнде және таңертен тұман болады.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күтіледі, күндіз бұршақ, дауыл болуы ықтимал. Ақмола облысының кей жерлерінде түнде және таңертен тұман күтіледі, күндіз желдің күші 15-20 м/с.
Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Қостанай, күндіз Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа күшейеді.
Маңғыстау облысында, Қарағанды, түнде және таңертең Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде кей жерлерінде 2 градусқа дейін мұздату күтіледі. Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі күтілуде.