Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с жетеді. Шығыс Қазақстан облысында тұман, жел 15-20, түнде екпіні 25 м/с болады. Павлодар облысында түнде жел 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, түнде Ақтөбе, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с күшейеді.
Түнде Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 3 градус аяз күтіледі.
Ақпарат көзі: Қазгидромет