Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі

Оңтүстік өңірдің басым бөлігінде, әсіресе таулы аймақтарында қатты жауын-шашын болады. Тек батыс, оңтүстік-батыс, солтүстік-батыс және солтүстікте ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі күтіледі. Солтүстік, оңтүстік және орталықта кей жерлерде тұман болады.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20, екпіні 23-28 м/с болады деп күтіледі. Ал Оңтүстік Қазақстанда тұман болады.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман болуы ықтимал, желдің күшеюі 15-20 м/с-қа жетеді. Қостанай облысында желдің күшеюі 15-20 м/с-қа жетеді.
Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақпарат көзі: Қазгидромет