Еліміздің басым бөлігінде күн райы ашық болады

Кей жерлерде тұман, желдің күшеюі, оңтүстік пен оңтүстік-батыста шаңды дауыл күтіледі.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с-ге дейін күшейеді, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында шаңды дауыл күтіледі. Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болып, жел екпіні 15-20 м/с-ге дейін жетеді, деп хабарлайды kazhydromet.kz.