Республикамыздың басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады

Қарағанды, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, тұман, көктайғақ күтіледі.
Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман күтіледі. Павлодар облысында желдің күшеюі 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с жетеді. Ақмола облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, желдің күші 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау, Атырау облыстарында, түнде Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Алматы облысында, таңертең және күндіз Оңтүстік Қазақстан, түнде, таңертең және күндіз Қызылорда облыстарында желдің күші 15-20 м/с жетеді. Атырау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.