Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын жауады

Тек оңтүстік, оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман, көктайғақ болады.
Солтүстік Қазақстан облысында желдің күшеюі 15-20 м/с, екпіні 23-28, кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.
Қостанай, Ақтөбе облыстарында желдің күшеюі 15-20 м/с, тұман, көктайғақ болады.
Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа күшейеді, түнде жөне таңертен тұман болады.
Павлодар, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында күндіз жел 15-20 м/с, сондай-ақ кей жерлерінде тұман болады.
Атырау, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарында жел 15-23 м/с-қа күшейеді.
Алматы облысы, Жаланашкөл ауданында жел 18-23 м/с күтіледі.
Ақпарат көзі: Қазгидромет