Республиканың бірқатар өңірінде жауын-шашын жауады

Республиканың бірқатар өңірінде жауын-шашын жауады
  • 2218
  • 06.11.2017, 06:07

Тек республиканың батысы мен солтүстік-батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.

Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман, көктайғақ болып, желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с болады.

Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Қостанай, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болады деп күтіледі.

Ақпарат көзі: Қазгидромет