Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы сақталады

Солтүстік аймақта қар мен жаңбыр жауып, көктайғақ болады. Синоптиктердің болжауынша, ауа райы құбылмалы болғанымен, сынап бағаны климаттық нормадан төмендемейді. Астанада бұрқасын күтіледі. Жел екпіні секундына 15-20 метрге жетуі ықтимал. Ауа температурасы күндіз 2 градус 0-ден жоғары, түнде 3-5 градус аяз болады.
Мөлдір Есқалиева, «Қазгидромет» РМК инженер-синоптигі:
- 10-11 қарашада ауа райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнгі сағатта 3-5 градус аяздан 5-7 градус аязға дейін төмендейді. 10 қарашада күндіз сынап бағанасы 2 градус жылы.