Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

Республиканың кей жерлерінде сонымен қатар желдің күшеюі, тұман, көктайғақ болады.
Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман болып, жел 15-23 м/с күшеюі күтіледі. Шығыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында, түнде Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Ақмола, Қостанай, Солтүстік
Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.
Ақпарат көзі: Қазгидромет