Республикамыздың басым бөлігінде қар жауады

Республикамыздың басым бөлігінде қар жауады
  • 1664
  • 11.12.2017, 06:00

Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болып, жел 15-20, Шығыс Қазақстан облысында екпіні 23-28 м/с, Ақмола облысында екпіні 25 м/с күшейеді. 

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, желдің күші 15-20 м/с жетеді. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман болып, жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. Түнде Павлодар облысының кей жерлерінде бұрқасын болып, жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі. 

Алматы, Оңтүстік  Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман болады, Алматы облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.