Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Тек батыста, оңтүстік-шығыста қар жауады. Кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман болып, желдің күшеюі 15-20 м/с-қа жетеді. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облысында тұман, күндіз жел 15-20 м/с-қа күшейеді.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ болады. Желдің күшеюі 15-20 м/с-қа жетеді. Ақмола, Алматы, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, Атырау облысында көктайғақ болады деп күтіледі.
Ақпарат көзі: Қазгидромет