Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

Алматы облысының Алакөл аудандарында жел 18-23 м/с күшейеді, күндіз екпіні 28 м/с болады, түнде кей жерлерінде тұман болады. Ақмола, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.