Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

Кей жерлерінде тұман болып, көктайғақ және желдің күшеюі күтіледі.
Алматы облысы, Жалаңашкөл ауданында жел 15-20, екпіні 23-28 м/с-қа күшейеді. Сондай-ақ тұман болады деп күтіледі.
Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с-қа күшейеді. Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман күтіледі, Жамбыл облысында көктайғақ болады.
Ақпарат көзі: Қазгидромет