Қазақстанның басым бөлігінде көктайғақ күтіледі

Қызылорда, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, күндіз жел 15-20, Жамбыл облысында екпіні 23 м/с күтіледі. Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.
Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, күндіз жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерлеріне тұман, көктайғақ күтіледі.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, жел 15-20 м/с күтіледі. Күндіз Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күтіледі.