Хабар телеарнасы

«Азамат» бағдарламасының түсірілімі басталды

Бүгін көрерменмен 15 жылдан кейін қауышқан «Азамат» бағдарламасының түсірілімі басталды. Онда сөзі жүйелі, идеясы өтімді жастар мінберде өз ойларын ашық әрі боямасыз айтады. Студенттер креативті индустрияны дамытудың тиімді жолдарын ұсынудан бастап, тау-кен металлургиясын дамыту сынды түрлі тақырыптарды қозғайды. 10 наурызға дейін 32 шығарылымын түсіру жоспарланған. Ал көрермендер «Азаматтың» алғашқы тартысты пікірсайысын Наурыз мерекесі қарсаңында көре алады.

Ерболат Мұхамеджан, төреші:

-Ойын қазір ерекше өтіп жатыр. Шынын айту керек, сондай бір ностальгия болды. Себебі студенттер жас балалар ғой, алды 20-ға да толмаған 2003-2004 жылғы. Бірақ олардың өзін ұстауы, олардың этикасы, сөз сөйлеу мәдениеті, бір-бірінің сөзін бөлмеуі өзіме сондай бір ерекше әсер қалдырды.