Хабар

«Хабар» YouTube-те көш бастады: жазылушы саны 4 млн-нан асты

«Хабар» телеарнасының YouTube каналындағы оқырман саны 4 млн-нан асты. 2016 жылы ғана құрылған YouTube арна үшін бұл – үлкен жетістік. Содан бері қаралым саны 2 миллиардқа жеткен. Бұл ненің нышаны? YouTube арна болашақта тағы қалай таңғалдыра алады? 

Арнамыз осыдан біраз жыл бұрын оқырман саны 100 мыңнан асқаны үшін ютуб күміс батырмасын иеленген болатын. Ал 2019 жылы оқырман 1 млн-ға жеткенде алтын батырманы алды. Ендігі мақсат – бриллиант және қызыл бриллиант батырмаларына жету.

Сәуле Қайдағұлова, Интернет жобалар департаментінің директоры:

-Бұл өте жақсы жаңалық. Өйткені бұл – техникалық ұжымның қажырлы еңбегі. Жаңалықтар, бағдарламалар бөліміндегі шығармашылық топтың да үлесі зор. Сондықтан барлық әріптестерімді құттықтағым келеді.

Зерттеулер көрсеткендей көрермендердің жартысынан көбі арнамызды телефон арқылы қарайды. Ютубтағы көрермендердің басым бөлігі 18-55 жас аралығында. Ерлер мен әйелдердің үлесі тең деуге болады. Ал «Хабардың» ютубтағы жазылушылары бойынша Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Германия елдері көш бастап тұр. 

Ютуб арнамыз жақында жасанды интеллектіні де қолданысқа енгізбек. Нейрожүйе өндірістік контентке қолданылатын болады. 30 жылға жуық уақыт идеология құралы болып келе жатқан «Хабардың» алар асуы алда, бағындырар белесі әлі көп.

Авторлары: Құралай Жұмахан, Мейрамбек Қайыргелді